Қостанай облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты

20 мамыр күні таңертең «Алматы – Екатеринбург» автожолының бойында, «Қайрақ» шекара бекетінен шамамен екі шақырым жерде Ford Transit көлігі DAF жүк көлігімен соқтығысты, деп хабарлайды saDaq.kz.
Ford Transit көлігінің ішінде 10 шетел азаматы болған.
Апат салдарынан оқиға орнында алты адам қаза тауып, тағы бес адам түрлі жарақатпен Қарабалық аудандық ауруханасына жеткізілді.
Аталған дерек бойынша полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі – «Көлік құралдарын жүргізу немесе пайдалану ережелерін бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.
Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде, барлық қажетті тергеп - тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?






