Қостанай облысында жол апатынан бір адам қаза тапты
Қостанай облысында Алматы–Екатеринбург тасжолында жол апатынан бір адам қаза тауып, екі адам жарақат алды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Оқиға тасжолдың 384-шақырымында болған. Полицияның алдын ала мәліметінше, «Газель» жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, «Лада Калинамен» бетпе-бет соқтығысқан.
Соққы салдарынан жеңіл көліктегі әйел оқиға орнында көз жұмған. Екі көліктің де жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Полиция жүргізушілерді ұзақ жолға шығар алдында демалып, шаршаған немесе ұйқысы келген жағдайда рөлге отырмауға шақырды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0