ҚР Президентінің Үстел теннисінен Ашық Кубогінің алғашқы чемпиондары анықталды
Елордада үстел теннисінен Қазақстан Республикасы Президентінің Ашық кубогінің алғашқы жеңімпаздары анықталды, деп хабарлады sadaq.kz ақпарат порталы.
11 жасқа дейінгі (U-11) және 16 жасқа дейінгі (U-16) жас санаттарындағы ұлдар мен қыздар арасындағы тартысты финалдық кездесулер аяқталды.
Финалдық кездесулердің нәтижелері:
Қыздар, U-11: Осы санаттағы алтын медальді шымкенттік Шохина Миркодирова жеңіп алды, ол тамаша ойын көрсетіп, лайықты түрде пьедесталдың ең биік сатысына көтерілді. Екінші орынды Жансая Тілегенова (Қарағанды облысы) иеленсе, үшінші орынды Томирис Тимурқызы (Ақтөбе облысы) пен Назерке Болатбек (Түркістан облысы) бөлісті.
Жасөспірімдер, U-16: Бұл жас санатындағы финал турнирдің нағыз сәніне айналды. Жасөспірімдер арасында чемпион Әліби Шоманов (ШҚО) атанды, оның турнирдегі өнері жоғары дайындық деңгейі мен спорттық мінезін көрсетіп, жарқын оқиғаға айналды. Екінші орынды Асылхан Мағзұмбеков (Қарағанды облысы), ал үшінші орынды Санжар Ибахан (Түркістан облысы) мен Мансұр Сүйіндік (Павлодар) бөлісті.
Жарыс әлі аяқталған жоқ. Бүгін турнирдің соңғы күнінде басқа санаттарындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. Көрермендерді нағыз спорт мерекесі күтіп, Сюй Синь, Фан Бо, Вернер Шлагер және Джу Се Хёк сияқты әлемдік үстел теннисі жұлдыздарының қатысуымен шоу-матчтар өтеді.
Сіздің реакцияңыз қандай?