«Краш»: Бауыржан Момышұлының Куба сапарында түсірілген суреттері желіні жаулады(ФОТО)
Әлеуметтік желіде Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері Бауыржан Момышұлының Куба еліне сапары таспаланған суреттері жарияланды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Желі қолданушыларының бірі Бауыржан Момышұлының тарихи суреттерімен бөлісіп, көпшілік батырдың рухына тағзым етті.
«Бауыржан Момышұлы – тек қазақтың ғана емес, әлемдік әскери тактика тарихындағы керемет командир»,– деп жазды желі қолданушысы.
Батыр Бауыржанның 1963 жылы Кубаға сапары – оның қолбасшылық тұлғасы мен беделін халықаралық деңгейде танытқан тарихи оқиға болып мәңгіге сақталды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0