Крокустағы қырғын: 11 адам ұсталды

Ұсталғандардың арасында 4 террорист те бар.

Наурыз 23, 2024 - 14:05
 0  285
Крокустағы қырғын: 11 адам ұсталды
Фото: Sputnik / Сергей Бобылев /
Ресейдің федералдық қауіпсіздік қызметінің бастығы 11 адамның ұсталғаны туралы баяндады, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы Sputnik Қазақстанға сілтеп.

Ұсталғандардың арасында 4 террорист те бар. Олар "Крокустағы" терактіге қатысқан.
Путинге тергеудің барысы туралы баяндама да тапсырылды. Қазіргі кезде сыбайластарды анықтау шаралары жүргізіліп жатыр.

Айта кетері, Мәскеудегі "Крокус" орталығында болған теракт салдарынан 60-тан астам адам қаза тауып, 100-ден астам адам жарақат алды.
Қолында автоматы бар адамдар жолда кездескендердің барлығына оқ жаудырды. Әлеуметтік желіде атыс кезіндегі жан түршігерлік кадрлар жарияланды. Қауіпсіздік қызметкерлерінің қасында атыс қаруы болмаған және ешқандай қарсылық көрсете алмаған.
Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 2
😢 Қайғылы 1
😮 Жарайсың 0