Қылмыскерге ұқсас болғаны үшін 10 жылға сотталуы мүмкін: Жәнар Мұхамедқалиеваның ісі

Ақпан 24, 2026 - 11:39
Ақпан 24, 2026 - 12:03
 0  3
Қылмыскерге ұқсас болғаны үшін 10 жылға сотталуы мүмкін: Жәнар Мұхамедқалиеваның ісі
Фото: әлеуметтік желі

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны Жәнар Мұхамедқалиева ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген күдікке ілініп, басы дауға қалды. Жақын туыстарының айтуынша, ол тек нақты қылмыскерге сырттай ұқсағаны үшін ғана жауапқа тартылуда, деп Sadaq.kz ақпарат агенттігі Qumash ресурсына сілтеме жасап хабарлайды.

39 жастағы Жәнар Мұхамедқалиева Өскемендегі Үлбі металлургиялық зауытында 17 жылдан бері еңбек етіп келеді. Оның басына 3 миллиард теңге көлеміндегі алаяқтық ісі (пәтерлерді алдап сату) жабылды. Іс бойынша жәбірленушілер әлеуметтік желі арқылы күдікті «Жанар Мұхтарқызына» ұқсас адам іздеп, желідегі ескі суреті арқылы Өскемендік Жәнарды тауып алған. Соның салдарынан ол Алматы полициясына шақыртылды.

Жәнардың ағасының айтуынша, қарындасы қылмыс болған уақытта Өскемен қаласынан ешқайда шықпаған. Оны зауыттағы жұмыс кестесі, рұқсат беру жүйесі (СКУД) және бейнебақылау камералары толықтай растап отыр. Алайда, осыған қарамастан биылғы жылдың 6 ақпанында ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кейінірек сот оны үйқамаққа ауыстырды.

Жәнар Мұхамедқалиева тұрмыс құрмаған, ол мүмкіндігі шектеулі әкесі мен қарындасына қарап, отбасын асырап отырған жалғыз қамқоршы. Туыстары құзырлы органдардан бұл заңсыздықты тоқтатып, нақты кінәлі тұлғаларды табуды талап етуде. Қазіргі таңда Жәнарға 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0