«Құлағына дейін шіріген»: Марқұм Ербаянның туыстары жанайқайын жеткізді

Маусым 24, 2026 - 17:38
app_badging Маусым 24, 2026 - 17:38
chat_bubble  0 visibility  3
«Құлағына дейін шіріген»: Марқұм Ербаянның туыстары жанайқайын жеткізді
Фото: видеодан скрин

Әскерде ауыр жарақат алып, екі жылға жуық өмір үшін күрескен Ербаян Мұхтардың қазасынан кейін тағы бір даулы жағдай туындады, деп хабарлайды Sadaq.kz сайты ult.kz-ке сілтеп. 

Марқұмның туыстары оның денесін өздеріне бермей жатқанын айтып, наразылық білдірді.

Жақындарының сөзінше, полиция қызметкерлері Ербаянның мәйітін арнайы көлікке тиеп, мәйітханаға алып кетпек болған. Алайда отбасы бұған келіспей, марқұмның денесін өздеріне табыстауды талап еткен.

Instagram желісіндегі erbayan2024 парақшасында өткен тікелей эфирде туыстары Ербаянға көрсетілген медициналық көмектің сапасына күмән келтірді. Олардың айтуынша, ұзақ уақыт төсекке таңылған жігітке тиісті күтім жасалмаған.

«Денесін шірітіп жіберген. Аяғы, мойны, құлағынан дейін шіріген. Иісі мүңкіп тұр», – деп мәлімдеді жақындары эфир барысында.

Айта кетейік, Ербаян Мұхтар әскери қызмет кезінде ауыр жарақат алып, содан бері ұзақ уақыт ем қабылдаған еді. Оның қайтыс болуы қоғамда үлкен резонанс тудырып, әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0