Құлсарыда мектеп оқушысы қатарласын балтамен қуалаған

Ақпан 6, 2026 - 11:01
Ақпан 6, 2026 - 11:22
 0  35
Құлсарыда мектеп оқушысы  қатарласын балтамен қуалаған
Фото: Видеодан скрин

Әлеуметтік желіде Құлсары қаласындағы мектепте 10-сынып оқушысының қатарласын балтамен қуып жүрген видеосы тарап, қоғамның алаңдаушылығын тудырды, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Оқиға А.С. Пушкин атындағы №6 мектепте болған. Бейнежазбада оқушының қолына балта ұстап, мектеп дәлізімен жүгіріп жүрген сәті түсірілген. Дәліздегі оқушылардың қорқып, үрейленгенін де көруге болады. Сол сәтте қатарлас оқушы сыныптардың біріне кіріп, тығылып үлгерген. Артынша ер бала сыныптың есігін балтамен ұрып, балтаны сөмкесіне салып, мектептен кетіп қалған. 

Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Оқиғаға байланысты полиция мен білім беру органдары да әзірге түсініктеме бермеді.  

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0