«Құрамынан заңсыз бояғыштар табылды»: Танымал шай брендтеріне тыйым салынды

Қаңтар 6, 2026 - 10:26
chat_bubble  0 visibility  13
«Құрамынан заңсыз бояғыштар табылды»: Танымал шай брендтеріне тыйым салынды
фото: видеодан скриншот

Қазақстанның Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысымен (№ 1-ПГСВ, 05.01.2026) елімізге бірнеше қара шай түрін әкелуге және сатуға уақытша тыйым салынды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті. 

Сараптама барысында бұл өнімдерден шай өндірісінде қолдануға мүлдем болмайтын қауіпті тағамдық бояғыштар — E110, E102 және E124 анықталған.

Сонымен қатар өндірушілер қаптамада жалған мекенжайлар көрсетіп, тиісті рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеген. Тыйым салынған өнімдер тізімі:

«Апамның шәйі Premium gold», «Al-Hayat» Gold, «БАЛҚИЯ Premium gold» («Orda Trade Astana»); «Sultan Suleyman», «Pakistan tea» («Real Trade Astana»); «Al-Jannat Premium» («Ferdaus»); «Aje Onim» («Орда Чай»); «Alfarah» (өндірушісі белгісіз).

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0