Құрылтай сайлауы: Ұлттық теледебатта «Әділет» партиясы ең жоғары дауыс жинады

Шілде 30, 2026 - 11:54
app_badging Шілде 30, 2026 - 11:59
chat_bubble  0 visibility  13
Құрылтай сайлауы: Ұлттық теледебатта «Әділет» партиясы ең жоғары дауыс жинады
Фото: Видеодан скрин

«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының тікелей эфирінде Мәжіліске өтуге үміткер жеті саяси партияның қатысуымен алғашқы Ұлттық теледебат өтті, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Тікелей дауыс беру қорытындысы бойынша партиялар төмендегідей нәтиже көрсетті:

  • «Әділет» партиясы67,1%
  • «Ақ жол» демократиялық партиясы9,9%
  • Қазақстанның Халық партиясы8,2%
  • «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы5,4%
  • Respublica партиясы4,3%
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП)2,2%
  • «Байтақ» жасылдар партиясы2,1%
  • «Ешқайсысы ұнамады»0,8%

Дебаттың қорытынды бөлімінде партия өкілдері өздерінің негізгі басымдықтарын таныстырды.

«Әділет» партиясы адам капиталына инвестиция салу мен әлеуметтік әділеттілікті басты бағыт ретінде атады.

«Ақ жол»партиясы жеке тұлғалардың банкроттығы тетігі арқылы борышкерлерге көрсетілетін қолдауды атап өтті.

Қазақстанның Халық партиясыең төменгі жалақыны көтеру, жеңілдетілген ипотека бағдарламаларын кеңейту және студенттерді қолдау мәселелеріне басымдық беретінін мәлімдеді.

«Ауыл» партиясыныңөкілдері ауылды дамыту тақырыбын көтеріп, сөз соңында «Қалаға хат» өлеңінен үзінді оқыды.

Respublicaпартиясы адал кәсіпкерлікті қорғау және балалардың біліміне инвестиция салу қажеттігін айтты.

ЖСДПкәсіпкерлермен қатар қарапайым еңбек адамдарын – дәрігерлерді, мұғалімдерді, коммуналдық қызметкерлерді және басқа да мамандарды тең дәрежеде қолдау қажеттігін мәлімдеді.

Ал «Байтақ» партиясыелдің тұрақты дамуы табиғатпен үйлесімді өмір сүруге тікелей байланысты екенін айтып, экологиялық қауіпсіздікті басты басымдықтардың бірі ретінде атады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0