«Лаваш пен фри жеген»: 10 айлық баланың ішектері іріңдеп кеткен

Ташкенттегі ауруханалардың біріне 10 айлық бала жедел ішек қабынуымен жеткізілді. Сәбидің ауыр халіне лаваш пен фри жегені себеп болған, деп жазады Nuz.uz.
Баланы Ташкентке алып бара жатқан келіншек жолда фри мен лавашты шайнап берген. Көп ұзамай нәрестенің жағдайы күрт нашарлайды.
Дәрігерлер балаға жедел хирургиялық араласуды қажет ететін қауіпті ауру – ішек гангренасы деген диагноз қойылды. Органның зақымдалған бөлігін алып тастағандықтан ол алты ай стомамен яғни жасанды ішекпен жүреді. Алты айдан кейін ішектерді қалпына келтіру үшін тағы бір ота қажет болады.
Дәрігерлер ата-аналарды балалардың ішектері мұндай ауыр тағамды сіңіруге әлі дайын емес екенін айтып, сәбилердің диетасына өте мұқият болуға шақырады.
Сіздің реакцияңыз қандай?






