Леңгірде бетперде киген адамдар үйге кіріп, әйелді таңға дейін ұрып-соққан

Тамыз 24, 2026 - 12:18
chat_bubble  0 visibility  8
Леңгірде бетперде киген адамдар үйге кіріп, әйелді таңға дейін ұрып-соққан
Фото: Видеодан скрин

Түркістан облысының Леңгір қаласында түн ішінде бірнеше бетперделі адам тұрғын үйге басып кіріп, әйелді байлап, бірнеше сағат бойы аяусыз ұрып-соққан, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Бұл туралы қоғам белсендісі Айгүл Орынбек әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Оның мәліметінше, оқиға шамамен түнгі сағат 02:00-де болған. Бетперде таққан адамдар үйге кіріп, әйелді байлап тастаған. Жәбірленуші таңғы 05:00-ге дейін олардың қолында болып, соққы жеген. 

Шабуыл жасағандар кейін оқиға орнынан ізін суытқан. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада әйелдің бетінің қатты ісінгені, жарақаттары мен қан іздері байқалады. Дегенмен видеода оқиғаның қалай болғаны емес, оның кейінгі салдары ғана көрсетілген.

Қазіргі таңда жәбірленушінің жағдайы тұрақты. Дәрігерлер оның өміріне қауіп төніп тұрмағанын хабарлады.

Құқық қорғау органдары күдіктілерді анықтап, ұстау үшін жедел-іздестіру және тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Оқиғаның нақты себептері мен барлық мән-жайы анықталуда.

Тергеу барысы Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0