Мамыр айында ел тұрғындары неше күн демалады

Сәуір 27, 2026 - 12:29
 0  13
Мамыр айында ел тұрғындары неше күн демалады
Фото: Pixabay.com

Биыл мамыр айында елімізде 4 мереке тойланады. Күнтізбелік есепке сәйкес, бес күндік және алты күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін азаматтардың демалыс күндері әртүрлі болады, деп жазады Sadaq.kz.

Бес күн жұмыс істейтіндер үшін:

Мамыр айында төрт мерекеде демалыс беріледі.

1 мамыр (жұма) — Қазақстан халқының бірлігі күні;
7 мамыр (бейсенбі) — Отан Қорғаушы күні;
9 мамыр — Жеңіс күні (9 мамыр сенбіден 11 мамыр дүйсенбіге ауыстырылады);
27 мамыр (сәрсенбі) — Құрбан айттың бірінші күні.

Алты күндік жұмыс аптасы үшін:

1 мамыр (жұма) — демалыс, 2 мамыр (сенбі) — жұмыс, 3 мамыр (жексенбі) — демалыс;
7 мамыр (бейсенбі) — демалыс;
9 мамыр (сенбі) — демалыс, 10 мамыр (жексенбі) — демалыс, 11 мамыр (дүйсенбі) — жұмыс;
27 мамыр (сәрсенбі) — Құрбан айттың бірінші күніне байланысты демалыс.

Сонда мамыр айында аптасына 5 күн жұмыс істейтіндер 14 күн демалады. Ал 6 күндік кестемен еңбек ететіндерге 9 күн демалыс қарастырылған.

Айта кетейік бұған дейін Наурыз мерекесінде бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар қатарынан 5 күн демалғанын жазғанбыз.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0