Мәңгілік алауға тауық қақтаған азамат ұсталды
Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қалалық полициясы 4 желтоқсанға қараған түні Даңқ мемориалын қорлаған адамды ұстады. Ол Мәңгілік алаудың жанында от жағып, ет қақтаған, нысан аумағында қоқыс қалдырған, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Тәртіп бұзған азаматтың тұлғасын анықтау үшін полицейлер жақын маңдағы аудандарды аралап, бейнебақылау жазбаларын зерттеп, куәгерлерден сұрастырды. Оперативтік-іздестіру шараларының нәтижесінде 31 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, 5 тәулікке қамалды.
«Тәртіп бұзушы «Ғимараттарды, өзге де құрылысжайларды, тұрғын үй-жайларды, ортақ пайдаланылатын орындарды, көліктегі және өзге де қоғамдық орындардағы мүлікті қорлау» бабы бойынша жауапқа тартылды. Сот шешімімен ол бес тәулікке әкімшілік қамаққа алынды», – деп хабарлады ведомство.
Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті азаматтарды заңды қатаң сақтауға шақырады. Тарихи ескерткіштерді және қоғамдық маңызы бар нысандарды қорлау әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0