Маңғыстау облысында 100-ден астам қой қырылды
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Бейнеу ауылында бір шаруаның қорадағы қойы қырылып қалған. Оқиғаға қатысты аудандық әкімдік түсініктеме берді. Әлеуметтік желіде қора толы қойдың қырылып қалған бейнежазбасы тарады.
Оқиға 28 қыркүйекте болған. Ақпаратта қойлардың "Бейнеу Су Сервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жанындағы жиналған судан су ішкені айтылған. Жалпы 126 бас ұсақ мал шығынға ұшырады.
"Бейнеу ветеринария станциясының және аудандық аумақтық инспекциясының мамандары Аманжан Шағырбаевтың қорасындағы қойлардың өлгені анықтады. Малдың неден қырылғаны белгісіз. Қазіргі уақытта зертханаға жаңағы су қорынан және өлген қойлардан сынама алынып жолданды", - дейді әкімдікте.
Мамандардың айтуынша, зертхана қорытындысы он күннен кейін шығады. "Қойдың өлекселері ветеринариялық талапқа сай арнайы биошұңқырға жиналып өртелді. Қораға дизенфекция жасалды. Тірі қалған қойлардан жұқпалы аурудың белгілері табылған жоқ", - дейді Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Тұралы Жолышов.
Басшының айтуынша, бұл іспен тиісті мамандар айналысып жатыр және жағдай аудан әкімінің бақылауында.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0