Маңғыстауда салмағы 6 келіден асатын алып сәби дүниеге келді

Қараша 12, 2025 - 09:39
Маңғыстауда салмағы 6 келіден асатын алып сәби дүниеге келді
Фото: unsplash.com

Маңғыстау облыстық перинаталдық орталықта алып қыз бала дүниеге келді. Баланың салмағы - 6,690 кг, деп хабарлады Lada.kz.

Дәрігерлердің айтуынша, жаңа туған нәрестенің анасында қант диабеті, ауыр преэклампсия және семіздік сияқты бірқатар пренатальды асқынулар болған.

Дәрігерлер мұндай жағдайлар баланың дамуына, соның ішінде туу салмағына әсер етуі мүмкін ескерткен. Сол себепті нәресте кесар тілігі арқылы дүниеге келген.

Қазіргі уақытта ана мен баланың жағдайы тұрақты деп саналады және мамандар бақылап отыр.

Айта кетейік, салмағы 5 килограмнан асатын нәрестені алып деп сипаттайды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow