Матч кезінде найзағай соққан футболшы көз жұмды

Тамыз 6, 2026 - 11:40
chat_bubble  0 visibility  3
Матч кезінде найзағай соққан футболшы көз жұмды
фото: видеодан скриншот

Таиландта футбол матчы кезінде найзағай түсіп, бір ойыншы қаза тапты, деп хабарлайды sadaq.kz Bangkok Post басылымына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Сунгай-Колок қаласындағы Сантифап стадионында өткен Golok FA Cup аймақтық турнирінің жартылай финалдық кездесуі кезінде болған.

24 жастағы футболшы Софиан Авае матч барысында найзағай соққысынан кейін есінен танып, алаңға құлаған. Дәрігерлердің көмегіне қарамастан, спортшының өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.

Полицияның мәліметінше, табиғи апат салдарынан тағы тоғыз адам түрлі жарақат алған. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға кезінде стадион аумағында нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнаған. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0