«Мектеп формасын сақтамаса, ата-анасы жауапқа тартылады»: Министр хиджаб туралы айтты

Тамыз 13, 2025 - 14:52
 0  31
«Мектеп формасын сақтамаса, ата-анасы жауапқа тартылады»: Министр хиджаб туралы айтты
Alash.kz коллажы

Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектепте хиджаб кию мәселесіне тоқталып, маңызды мәлімдеме жасады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

«Мектептер өздерінің ішкі жарғыларына сәйкес, мектеп формасын қатаң сақтауды талап етуі керек. Ата-аналарды мектеп формасын бұзғаны үшін белгіленген жауапкершілікке тартатын заңнамалық база бар екенін ескерткім келеді. Барлығы мектептердің ішкі ережелерін қатаң сақтауы керек. Бұл тек хиджабтарға, орамалға ғана қатысты емес. Бұл білім беру ұйымдарында мектеп формасын қатаң сақтауға қатысты», – деді Оқу-ағарту министрі.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 12 шілдеден бастап қоғамдық орындарда бетті тұмшалайтын киім киюге ресми түрде тыйым салынды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0