Мемлекет басшысы Бауыржан Артықовты қызметінен босатты

Наурыз 30, 2026 - 09:29
 0  15
Мемлекет басшысы Бауыржан Артықовты қызметінен босатты

Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Шұбайұлы Артықов «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды,  деп хабарлайды Sadaq.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Бауыржан Артықов – 1973 жылы 4 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Самсоновка ауылында туған.

2023 жылдың ақпан айынан бастап 2024 жылдың ақпанына дейін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы Департаментінің бастығы болды.

2024 жылғы 5 ақпанда Мемлекет басшысының Өкімімен "Батыс"өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды.

II дәрежелі «АЙБЫН» орденімен, мерейтойлық медальдармен және "мінсіз қызметі үшін" медальдарымен наградталған.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0