Мемлекет басшысы Тимур Турловты қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті Тимур Турловты қабылдады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Президент оны FIDE президенті болып сайлануымен құттықтап, Қазақстандағы шахматтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Қазір елімізде шахматпен 278 мыңнан астам адам жүйелі түрде айналысады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқандта өткен Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында күміс медаль иеленген әйелдер құрамасының жетістігін ерекше атап өтті.
Кездесуде ұлттық құраманың дайындығын күшейту, жас таланттарды қолдау, білім беру саласында шахматты дамыту және өңірлердегі шахмат инфрақұрылымын жетілдіру мәселелері сөз болды.
Тимур Турлов шахматты дамытуға көрсетіп отырған қолдауы үшін Президентке алғыс білдіріп, халықаралық ынтымақтастықты нығайту бағытындағы жоспарларымен бөлісті.
Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бапкерлер мен төрешілердің біліктілігін арттыру, бірлескен білім беру жобаларын іске асыру, сондай-ақ Қазақстанда шахматтан ірі халықаралық жарыстар өткізу үшін ұлттық федерация мен FIDE арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңызына баса мән берді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0