«Мен емес»: Дәулет Мұқаев Сара Назарбаева туралы таратқан ақпараты үшін жауап берді

Мамыр 15, 2025 - 17:20
 0  61
«Мен емес»: Дәулет Мұқаев Сара Назарбаева туралы таратқан ақпараты үшін жауап берді
Фото: әлеуметтік желі

Кеше бірқатар БАҚ, телеграм арналар мен танымал тұлғалар экс-президенттің жұбайы Сара Алпысқызының өмірден өткені жайлы тараған жалған ақпаратты жарыса жазған болатын, деп хабарлайды saDaq.kz.

Нақтырақ айтсақ, Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев та қаралы хабар жайында инстаграм-парақшасында жазып, көңіл айтты. Бірақ кейін Kursiv тілшісіне берген пікірінде оны жоққа шығарып, кешірім сұрады.

«Парақшамды көмекші балалар жүргізеді. Басқа да әлеуметтік желілер де сол кісінің өлімі жайлы тараған еді. Мүмкін, соны көшіріп салған болар. Мен емес, көмекші балалар салды. Дәл осы дүниеге қатысты мен кешірім сұраймын», – деді ол.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0