«Мен «иә» дедім»: Абиба Әбужановаға сүйіктісі үйленуге ұсыныс жасады(ФОТО)

Наурыз 24, 2026 - 13:20
chat_bubble  0 visibility  2
«Мен «иә» дедім»: Абиба Әбужановаға сүйіктісі үйленуге ұсыныс жасады(ФОТО)
Фото: Sadaq.kz коллажы

Дзюдодан әйелдер құрамасының көшбасшысы Абиба Әбужақынова сүйіктісінің үйлену туралы ұсынысын қабылдады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Спортшы қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

«Мен «иә» дедім!» – деп жазған ол сақинасын және сүйіктісімен түскен фотоларын жариялады.

Желі қолданушылары спортшыны қуанышымен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Арасында алдағы олимпидаға қатысу туралы сұрағандар да болды.


“Бақытты болыңдар”, “Бақытты да мұңсыз бол, қазақтың маңдайына біткен батыстың жарық жұлдызы”, “Құтты болсын бақытты болыңыз”, “2028 жылғы олимпиаданы күтпедің бе”, “Спорт бітті ме? Әрі қарай келіндік қызмет бола ма?”, “Олимпиада чемпионы атанбай тұрмыс құрмаймын деп едіңіз ғой”, – деп сұрап жатты желідегілер.
Абиба сауалдардың біріне “Бұйырса барамын” деп жауап берді.

Айта кетейік, Абиба Әбужақынова – дзюдодан әйелдер құрамасында үміт күтетін спортшылардың бірі. Ол  48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетеді. 2026 жылдың наурыз айындағы жағдай бойынша, ол Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) рейтингінде екінші орында тұр.

Оның жетістіктері қатарында 2025 жылы Будапештте өткен әлем чемпионатының күміс жүлдесі, сондай-ақ 2022 жылғы Ташкент пен 2024 жылғы Абу-Дабидегі әлем біріншіліктерінің қола медальдары бар. Бұдан бөлек, ол Азия чемпионаттарында екі мәрте күміс жүлдегер атанған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0