«Мен өмірде хайп, хейт деген нәрсені жөк көремін»: Тұрсынбек Қабатовтың экс-әйелі сұхбатына қатысты пікір білдірді

Қараша 7, 2025 - 14:50
«Мен өмірде хайп, хейт деген нәрсені жөк көремін»: Тұрсынбек Қабатовтың экс-әйелі сұхбатына қатысты пікір білдірді
фото: әлеуметтік желіден

Танымал әнші әрі продюсер Мөлдір Мұқанова сұхбатына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі Revuenews-қа кейінгі жаңалықтарға байланысты өзін даттағандарға жауап берді. Өнер иесі сұхбаты арқылы әйелдер мен еркектерді екіге бөлу керек деген ойы болмағанын жеткізді.

“Мен тек өз басымнан өткен жағдайларды айтып өттім. Мен еркектерге қарсы шықсын, әйелдер мен еркектер екіге бөлінсін деген арам ниетім болған жоқ. Мұндай ойдан аулақпын”, – деді ол.

Сондай-ақ әнші отбасы арқылы хайп жасауға түбегейлі қарсы екенін айтты.

“Мен өмірде хайп, хейт деген нәрсені жөк көремін, тіпті шаршағанмын десем де болады. Отбасылық тақырыпты хайп ретінде касса жинасын немесе халықты дүр сілкіндірейік деген оймен жасау – үлкен қателік. Халықтың неге бұлай қабылдап жатқанын білмеймін. Мен ешкіммен жарыспаймын, әркімнің өзінің бағына, ниетіне қарай табысы түседі. Фильмім қандай касса жинаса да, мен разымын. Осындай депрессия уақытында мені одан әрі өмір сүруге жетелеген жоба. Осы сәтке сөйкес болып қалды”, – деді ол.

Мөлдір Мұқанова сұхбат бермес бұрын Тұрсынбек Қабатовтың ойын білгісі келгенін жасырмады. Алайда әзілкеш жауап бермеген көрінеді.

“Сұхбатқа барардың алдында Тұрсынбек мырзаға жаздым. Ол кісіден кері жауап болған жоқ. Алдынан өттім десем де болады. Ары қарай бұл дүнеиені сақтап жүру мүмкін болмады, өйткені мені талап жатыр.Бұл дүние менің басымнан ғана өтіп жатқан жоқ. Ажыраспаймын дегеннің нағыз ұранын ұстаған адам мен болармын, бірақ басқа түскен тағдырға көнеді екенсің. Барлық айтқаным рас, шындық болғандықтан, өкінетін тұстарым болған жоқ. Керісінше, айтуым керек еді деген сәттер болды. Бірақ ол да дұрыс, себебі кейбір ақпаратты балалардың білмегені де жөн”, – деді продюсер.

Сонымен қатар продюсер әлеуметтік желідегі парақшасында бұрынғы күйеуінің "балаларды ешқашан бұғаттамадым" деген мәлімдемесіне де жауап берді. Бірнеше күн бұрын әншінің “Өтірік” атты жаңа әні жарық көрді. Ән туралы жазба бірден қызу талқыға түсті. Өнер иесінің оқырмандарының бірі Тұрсынбек Қабатовты меңзеп. “Ол парақшасында балаларды бұғаттамағанын жазды” деп жазды.

“Әннің атауы – сұрағыңызға жауап”, – деп түйіндеді Мөлдір Мұқанова.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow