«Мен Рэмбо емеспін ғой»: айыпталушы Шерзат Болаттың ағасын қалай соққыға жыққанын айтты

Мамыр 16, 2025 - 16:09
Мамыр 16, 2025 - 16:11
«Мен Рэмбо емеспін ғой»: айыпталушы Шерзат Болаттың ағасын қалай соққыға жыққанын айтты

Шерзат Болатқа қатысты іс бойынша бүгінгі сот отырысында бұзақылық жасады деп айыпталған Нұрқияс Ильясов жауап берді, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, оқиға орнына келген кезде дүкен маңында 8-9 адам жиналып тұрған. Сол жерде Шерзаттың өзі оған бірінші болып жұдырық жұмсағанын айтты. Артынша мылтық атылған.

«Нұрқанат оқтап жатқанда мылтықты тартып алуға тырыстым. Бірақ екінші рет атылды. Сол сәтте Шерзат тағы бір рет ұрды. Артқа шегіндім. Үшінші рет атқанда "бәріңді атып тастаймын!" деп айқайлады. "Бауырым, тоқташы" дедім. Сол кезде ол шегіне бастады. Кейін Шерзат құлады, ал Нұрқанат оған жүгіріп барып, көтермек болды. Сол кезде мен астында жатқан мылтықты алып, дүмімен екі рет ұрдым», – деді Ильясов.

Сотта оған оқ атқан адамның кім екенін тани ма, жоқ па деп сұралды. Айыпталушының айтуынша, мылтықтан оқ атқан — Нұрқанат Ғайыпбаев.

Сондай-ақ ол «бір қолында мылтық, екінші қолында пышақ болғаны рас па?» деген сұраққа да жауап берді.

«Мен Рембо емеспін ғой», – деп жауап берді Ильясов.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow