Ақмола облысында екі ер адам қазақ тілін білмегені үшін жасөспірімді соққыға жыққан

Шілде 3, 2026 - 12:42
app_badging Шілде 3, 2026 - 12:44
chat_bubble  0 visibility  2
Ақмола облысында екі ер адам қазақ тілін білмегені үшін жасөспірімді соққыға жыққан
Фото: Видеодан скрин

Ақмола облысында тұрғын 15 жастағы ұлын көшедегі әйелге қазақ тілінде жауап қайтармағаны үшін екі ер адамның ұрып кеткенін айтып шағымданды, деп хабарлайды Sadaq.kz сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап.


Айтуынша қазір ұлы жарақаттармен ауруханаға түскен. Тұрғын болған оқиғаны желіде жариялап, баяндады. 



“Барынша кеңінен таратуыңызды сұраймын! Мұндай жазба жазамын деп ешқашан ойламаппын. Ұлым Марлен небәрі 15 жаста. Демалыс кезінде оған бір әйел келіп, қазақ тілінде сөйлеуді талап еткен. Ұлым сабырмен қазақ тілін түсінбейтінін айтқан. Осыдан кейін, оған ауыр сөздер айтылып, балағат сөздермен тіл тигізген. Кейін 26 және 60 жастағы екі ересек ер адам келген. Біздің мәліметіміз бойынша, олар кәмелетке толмаған ұлымды ұрып-соққан”, – деп жазды ол. 


Әйелдің айтуынша, соққыдан ұлының денсаулығына айтарлықтай зиян келген.


“Баламның миы шайқалып, мұрны жабық түрде сынып (ығысумен), сондай-ақ басқа да дене жарақаттарымен ауруханаға түсті. Осы жағдайға бейжай қарамайтын азаматтарға, журналистерге, құқық қорғаушыларға және мемлекеттік органдарға үндеу жолдаймын. Ересек ер адамдар бала тек тілді түсінбейтінін айтқаны үшін оны аяусыз ұрып-соға ала ма? Мен ешбір тілге де, халыққа да қарсы емеспін. Тек бір нәрсені – істің әділ әрі объективті тергелуін және кінәлілердің заңға сәйкес жауапқа тартылуын талап етемін”, – деді ол.

Жәбірленушінің анасы құқық қорғау органдарынан істі жан-жақты әрі объективті тергеп, барлық қатысушылардың әрекетіне құқықтық баға беруді және кәмелетке толмаған ұлының құқықтарын қорғауды талап етті.


“Аталған оқиға 28 маусым күні Целиноград ауданының аумағында болған. Кәмелетке толмаған жасөспірімге дене жарақатын келтіру фактісі бойынша сол күні қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында оқиғаның барлық мән-жайы мен жанжалдың туындау себептері анықталуда. Полиция департаменті азаматтарды ақпараттың тек ресми дереккөздеріне ғана сенуге шақырады. Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында”, – деді ведомство.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0