«Михаил Шайдоров тарихи жеңіске жетті»: Ербол Мырзабосынов барша қазақстандықты құттықтады

Ақпан 14, 2026 - 09:44
 0  0
«Михаил Шайдоров тарихи жеңіске жетті»: Ербол Мырзабосынов барша қазақстандықты құттықтады
Фото: видеодан кадр

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов қазақстандықтарды еліміздің қысқы Олимпиада ойындарынан алтын медаль алған тарихи жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Е.Мырзабосынов еліміз бұл жүлдені 30 жылдан астам уақыт бойы күткенін еске салды.

— Барлық қазақстандықтарды осы трихи алтан медальмен құттықтаймын. Михаил Шайдоров осындай күрделі спорт түрінен еліміздің абройын асқақтатып, тарихи жеңіске жетті, — деді министр.

Ол сонымен қатар бұл жеңіске атқарылып жатқан нәтижелі жұмыстың арқасында қол жеткенін баса айтты.

— Спорт — еліміздің халықаралық беделін көтеретін сала. Қаншама елдер бізді осы тарихи нәтижемен құттықтап жатыр. Қазіргі уақытта елімізде осы мәнерлеп сырғанау сияқты күрделі спорттан медаль еншілейтін спортшыларымыз бар. Біз барлық спортшыларымызға сенеміз, барлығына сәттілік тілейміз, — деді Ербол Мырзабосынов.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0