Министрлік тасқын салдарынан қырылғанын мал санын жариялады

Өтемақы төлеуге қатысты тиісті алгоритм әзірленді.

Сәуір 9, 2024 - 09:53
Сәуір 9, 2024 - 09:54
 0  74
Министрлік тасқын салдарынан қырылғанын мал санын жариялады
фото: uralskweek.kz

Жедел деректер бойынша республиканың жеті өңірінде тасқын салдарынан 5 711 бас мал қырылды, деп хабарлайды ауылшаруашылығы министрлігі.

Оның ішінде әрә қара мал – 1 137, ұсақ мал – 4 051, жылқы – 457 және басқа да ауыл шаруашылығы жануарлары. Бүгінгі күні 1013 бас малдың өлексесі өртелді.

Министрліктің хабарлауынша, 60,0 мыңнан астам ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіз учаскелерге көшірілді.

Оның ішінде: Ақмола облысы – 18,8 мың бас, Қостанай облысы – 12,9 мың бас, Ақтөбе және Атырау облыстарында – 10 мың бастан көп, БҚО – 4,5 мың бас, Қарағанды облысы – 1,5 мың бас.

"Министрліктің республикалық эпизоотияға қарсы отряды облыс әкімдіктерімен бірлесіп шығын болған жануарлар өлекселерін жинау және жою жұмыстарын жүргізуде. Жалпы іс-шараларды жүргізу үшін тиісті 90 бірлік техника, қызметкерлер штаты және жою шаралары үшін қажетті дезинфекциялық заттар бар", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне өтемақы төлеуге қатысты тиісті алгоритм әзірленді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0