Мысырда қазақстандық студенттер тұтқындалды

Тамыз 7, 2025 - 12:26
Тамыз 7, 2025 - 13:06
Мысырда қазақстандық студенттер тұтқындалды

Осыған байланысты еліміздің сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады.  

Қазақстан Республикасының Мысырдағы Елшілігі қамауға алынған қазақстандықтарға қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр. Жергілікті құқық қорғау органдарымен байланыс орнатып, мәселенің мән-жайын анықтап жатыр. Ресми жауап келіп түскен жағдайда, қамауға алынғандардың туысқандарына тиісті ақпарат жеткізіледі, - делінген министрліктің баспасөз қызметінің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Сонымен қатар ведомство Мысырда оқитын студенттер оқу визаларын алу және жаңарту кезінде бюрократиялық кедергілерге тап болатынын растады.

- Атап айтқанда, визаны жаңарту мерзімі 4-5 айға дейін созылып, көші-қон ережелерінің бұзылуына алып келуі мүмкін. Аталған мәселені шешу үшін Қазақстанның Мысырдағы Елшілігі жергілікті Ішкі істер министрлігі және тиісті жоғары оқу орындарының басшылығымен келіссөздер өткізіп жатыр. Мысыр тарапы бұл мәселені оңтайлы шешуге бейілділігін растады, - деп аталып өткен ҚР Сыртқы істер министрлігі ақпаратында.

Айта кетейік, жақында әлеуметтік желіде Мысырға діни білім алуға барған Қазақстанның 15 азаматын полиция қызметкерлері пәтерден алып кеткені жөнінде ақпарат тарады. Мысырға оқуға түсуге сапарлағандар бастапқыда туристік визамен барады екен. Сонымен қатар, оқуға түсуге барған Қазақстан азаматтарын полицияның ұстап алып кетуі оқиғалары жиі кездесетіні айтылып отыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow