«МузАрт», Қайрат Нұртас, Төреғалилер халықты қарызға батырып жүр» - блогер
Facebook әлеуметтік желісінде блогер Тортуыл Шоқан танымал әншілерді тойға шақырып, шығындалмауға шақырды, деп хабарлайды Malim.kz.
Блогер қарапайым халықтың несие алып, танымал өнер адамдарын тойға шақырудан жарысатынын айтты.
«Тойға, жақсылығыңа шақырсаң, млн-дап ақша сұрайтын «МузАрт», «Жігіттер», Қайрат, Төреғали, Ә. Әлқожа, Наркенже, т.б. әншілерді шақырмай-ақ қойыңдар. Наркенже сұрайтын 1 млн теңгені бір адам 1 жыл жүріп, әрең табады. Қайраттар алатын 5-6 млн теңгені кредит алып берсең, оны кемі 5 жыл төлеп, 10 млн қылып қайтарасың. Жабық кештерге кім қанша төлейді, шаруамыз жоқ. Бір той-томалақтағы әнші бағасын әр әніне қарай белгілеу керек, болды. «Бір ән – 100 доллар» деп бекісе, дұрысы осы», - деп өз ойын бөлісті.
Желі белсендісі тойдың сәні танымал әнші емес екенін айтады.
«Тойдың сәні – ұтымды әзіл, тойымды мәзір, жақсы тілек, күйің келіп берген ақшалай сыйлық емес пе? Ойбой, ананың тойына «анау», мынаның тойына «мынау» келіпті деп бақталастыққа өзіміз итермелейміз. Тойдың сәні танымал адамдар емес, маңыздысы – ағайының, болды. Байдың алдында кедей бүгежектемес үшін жүрген жерімізде әлеуметтік теңсіздіктерге жол бермеуіміз керек!» - деп Тортуыл Шоқан ойын аяқтады.
Сіздің реакцияңыз қандай?