Мұстафа Шоқайдың еш жерде жарияланбаған фотосуреттері табылды (ФОТО)
Әлеуметтік желіде Түркі әлемінің көсемі Мұстафа Шоқай мен жары Мария Шоқайдың еш жерде жарияланбаған суреттері жарық көрді, деп хабарлайды Sadaq. kz.
Естеріңізде болса, саясаткердің ұрпақтары түпнұсқадағы 70-ке жуық суретті Астанадағы Ұлттық музей қорына тапсырған еді. Құнды жәдігерді музейге Мұстафа Шоқайдың туысы – Гүлбаршын Заирова табыстаған. Ал, отбасылық альбомды сақтаған – шоқайтанушы ғалым Бақыт Садықова.
Қоғам белсенділері мен зиялы қауым өкілдері бұл оқиғаны ұлттық тарих үшін маңызды жаңалық ретінде бағалап отыр.
Желі қолданушылары болса, «Қандай сәнді киінген», «Алаш азаматтарының жарқын бейнесі кеңінен таныла берсін», «Өте құнды суреттер», «Қазақтың қара домалақ баласы – қандай білімді, мәдениетті. Зиялы деген осындай болады», – деп қуана пікір білдіруде.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
1
Ұнамады
0
Керемет
1
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0