Назарбаев әлде Ордабаев: VIP залда отырған жұмбақ жанкүйер кім? (ФОТО)

Қазан 1, 2025 - 17:20
Назарбаев әлде Ордабаев: VIP залда отырған жұмбақ жанкүйер кім? (ФОТО)
Коллаж: POLITICO.KZ

VIP-орында Назарбаев емес, аты аңызға айналған қақпашы Құралбек Ордабаев отырды, деп хабарлайды sadaq.kz сайты POLITICO.KZ-ке сілтеп.

Футболдан «Қайрат» пен «Реал Мадрид» командалары арасында өткен ойыннан кейін әлеуметтік желіде жарияланған бір видео көпшіліктің қызу талқысына түсті. Желі қолданушыларының дені VIP-орындарда отырғандардың арасынан Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевты танығандай болды.

Алайда, видеоның сапасы нашар және өте алыстан түсірілгендіктен, ондағы адамдардың бет-бейнесін анық ажырату мүмкін емес еді. Осыған орай, көпшілік дене бітіміне қарап, танымал тұлғаны экс-президентпен шатастырып алған.

Іс жүзінде бәрі басқаша болып шықты. Сол күні маңызды қонақтарға арналған орында «Қайрат» клубының жетекшісі Қайрат Боранбаев, Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, сондай-ақ Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды мен Футбол федерациясының президенті Марат Омаров отырған.

Ал жұрт Назарбаев деп топшылаған кісі мүлдем басқа адам, атап айтқанда, кезінде бүкіл Кеңес Одағына танымал болған, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Құралбек Ордабаев болып шықты.

Құралбек Досжанұлы Ордабаев - «Қайрат» футбол клубының тарихындағы аты аңызға айналған қақпашылардың бірі. Ол өзінің спорттық мансабының басым бөлігін алматылық ұжымда өткізіп, жанкүйерлердің сүйікті ойыншысына айналған.

Десе де, бұл ойынға Назарбаевтар әулетінен өкіл келген. Экс-президенттің тұңғыш немересі Нұрәлі Әлиев. Оның стадионда болғанын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған видеосынан анық байқауға болады.

Айта кетейік, Қайрат клубының иесі Қайрат Боранбаев Назарбаевтар отбасын «Реалмен» болатын ойынға шақырмағанын айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow