Нұрай Серікбайдың туыстары айыпталушыдан 10 млрд теңге моральдық өтемақы талап етті
7 тамыз күні Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық сотында 21 жастағы Нұрай Серікбайды өлтіру ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Сот отырысында жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаров материалдық және моральдық шығынды өндіру туралы азаматтық талап-арызын жариялады.
Адвокаттың айтуынша, отбасы 14 739 065 теңге көлемінде материалдық шығын шеккен. Осы сома жерлеу рәсіміне, ас беру шығындарына (соның ішінде қырқына), құлпытас орнатуға, көлік және заңгерлік қызметтерге, сондай-ақ тергеу амалдары мен сот процесіне қатысуға жұмсалған.
Ал моральдық зиян үшін отбасы айыпталушыдан 10 миллиард теңге өндіруді сұрап отыр. Адвокаттың сөзінше, ешқандай қаржы Нұрайдың ата-анасы мен бауырларының қайғысын жеңілдете алмайды.
"Ата-анасы махаббатпен тәрбиелеп өсірген жалғыз қызынан айырылды. Ағалары сүйікті қарындасынан көз жазды. Баласынан айырылған ата-ананың қайғысы мен қасіретін ешбір материалдық құндылықпен өлшеу мүмкін емес. Қанша көлемде өтемақы талап етілсе де, ол Нұрайды қайтара алмайды әрі жақындарының жан жарасын емдей алмайды", – деді адвокат.
Осылайша, жәбірленуші тарап соттан айыпталушы Шерхан Аймаханұлы Аймаханнан:
- 14 739 065 теңге материалдық шығынды;
- 10 миллиард теңге моральдық зиян өтемақысын өндіруді сұрады.
Адвокаттың айтуынша, егер сот бұл талапты қанағаттандырса, моральдық өтемақы ретінде өндірілген барлық қаражат қайырымдылыққа бағытталады.
Талап-арыз жарияланғаннан кейін судья айыпталушыдан бұл талаптарды мойындайтынын сұрады. Айыпталушы азаматтық талаппен келіспейтінін мәлімдеді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0