Нұрайдың өлімі: күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың аса қатыгездікпен өлтірілуіне байланысты жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаров пікір білдірді.
Оның мәлімдеуінше, қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағына («аса қатыгездікпен адам өлтіру») сәйкес қайта сараланды. Бұл бап бойынша 15-тен 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Аталған ақпаратты Шымкент қаласы Полиция департаменті растады. Сондай-ақ адвокат қылмыскердің өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын алуы тиіс екенін атап өтті.
— Жас қызды некеге тұруға мәжбүрлеп, ол көнбеген соң қыр соңына түсіп, сталкинг жасап, ақырында аса қатыгездікпен адам өлтірді. Қылмыскердің бұл әрекеті — қай жағынан алып қарасақ та, ешбір ақтауға келмейді. Менің ойымша, сот отырыстары ашық өтіп, тікелей эфир арқылы халыққа көрсетілуі қажет, — деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Қазіргі уақытта күдіктіге үш бап бойынша айып тағылған: 125-1-бап — «Некеге тұруға мәжбүрлеу»; 115-1-бап — «Сталкинг»; 99-бап 2-бөлігі 5-тармағы — «Аса қатыгездікпен адам өлтіру».
Бұдан бұрын Шымкентте 21 жастағы қызды пышақтап өлтірді деген күдікті ұсталғанын жазған едік. Полиция қаза тапқан студент қыздың отбасы жариялаған деректерге жауап берді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0