«Өгей немересін жүкті қылды»: 14 жастағы қызға қорлық көрсеткен атасына үкім шықты

Ақпан 4, 2026 - 10:51
 0  76
«Өгей немересін жүкті қылды»: 14 жастағы қызға қорлық көрсеткен атасына үкім шықты
Фото: видеодан кадр

Ақтөбе облысының Ойыл ауданында кәмелетке толмаған 14 жастағы қызды зорлап, жүкті қылған 64 жастағы өгей нағашы атасы 21 жылға сотталды, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Жантүршігерлік жағдай былтыр қазан айында Ойыл ауданында тіркелді. 9-сыныпта оқитын оқушы қыз  мектепте өзін нашар сезініп, көп ұзамай босанып қалған. Оның жүкті болғанын үйінде де, оқу орнында да ешкім аңғармаған. Тіпті медициналық тексерулер кезінде де бұл жағдай анықталмаған. Күдікті ретінде қыздың әжесінің 64 жастағы жұбайы танылды. Ол қыздың туған атасы емес, әжесінің заңды некедегі күйеуі болып шықты. 

Қылмыстық кодекстің 120-бабының 3-бөлігі («Бірнеше рет жасалған зорлау») және 124-бабының 3-бөлігі («16 жасқа толмаған адамға қатысты бірнеше рет жасалған азғындық әрекеттер») бойынша айып тағылды.

«3 ақпанда оған үкім шықты – 21 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот оның зейнеткерлік жасын ескерді. Әйтпесе, өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді», — деп түсіндірді Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының судьясы Алтынбек Сабыров.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0