«Ол есінен ауысты»: Трамптың Путиннен көңілі қала бастады

Мамыр 27, 2025 - 15:49
«Ол есінен ауысты»: Трамптың Путиннен көңілі қала бастады

The Wall Street Journal Трамптың Ресей мен Украина арасындағы соғысты реттеу келіссөзінен шығып, Мәскеуге қарсы санкцияны күшейтуі мүмкін екенін жазды. Трамп Ресейге қарсы санкцияны осы аптада енгізуі ықтимал, деп жазады mezgil.kz порталы.

Сарапшылар Трамп банктық секторға санкция салмайтынын айтуда. «Алайда өзге нұсқалар талқылануы әбден мүмкін, соның ішінде энергетика саласына шектеулер енгізу мәселесі өзекті болмақ» дейді мамандар.

Жексенбі күні АҚШ басшысы Ресейдің Украина аумағын бейберекет атқылауына қатысты өз пікірін білдірді. Трамп өз парақшасында былай деп жазба қалдырды: «Мен Владимир Путинмен өте жақсы қарым-қатынаста едім, алайда оған бірдеңе болды. Ол әбден есінен ауысты! Ол көптеген адамды еш себепсіз қырып жатыр және әңгіме тек сарбаздарға қатысты емес. Зымырандар мен дрондар украин қалаларын еш себепсіз соққылауда.

Мен оның Украинаның бір бөлігін ғана емес, тұтас алғысы келетінін үнемі айтып келемін және бұл сөздерім дәлелдене түскен сияқты. Алайда ол бұны істесе, онда бұл Ресейдің құлауына әкеледі!

Дәл сол сияқты президент Зеленский де өз елінің игілігі үшін жұмыс істеп жатқан жоқ, ол тек қана сөйлеп жүр. Оның аузынан шыққан әр сөз үлкен мәселе туындатуды, бұл маған ұнамайды және ол бұл әрекетін тоқтатуы тиіс. Мен президент болсам бұл соғыс басталмас еді.

Бұл Зеленскийдің, Путиннің және Байденнің соғысы, Трамптың соғысы емес. Ал мен орасан өшпенділіктен туған үлкен өртті сөндіруге көмектесіп жатырмын», - деді АҚШ басшысы.

Артынша тілшілерге сұхбат беру барысында ол Ресейге қарсы санкция салуды ойластыратынын меңзеді. Ақ үйдің Баспасөз хатшысы Каролин Ливитт былай деп пікір білдірді: «Президент Трамп келіссөз арқылы жасалған келісім құжатын көргісі келетінін сан мәрте айтқан болатын. Сонымен бірге ол өзге нұсқаларды да жоққа шығармайды», - деді.

Сарапшылар АҚШ басшысының сайлау алдындағы уәдесін орындай алмауы, оның халықаралық беделіне нұқсан келтіретінін жазуда. Трамп Украина мен Ресей арасындағы қақтығысты жылдам реттей алатынын сан мәрте айтты. Алайда тараптар арасында әлі де келісім жоқ. АҚШ басшысы тараптарға ұрыс қимылдарын 30 күнге еш шартсыз тоқтату туралы ұсыныс жасады. Ұсынысты Украина қабыл алса, Ресей тарапы түрлі сылтаумен кері қайтарды. Мәскеу керісінше Украина аумағын атқылауды күшейтіп, бір мезетте 350-ден астам дрон жіберу арқылы рекорд орнатты.

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі Уильям Тейлор былай дейді: «Трамптың соңғы пікірлеріне қарап, оның Путинге деген көзқарасы өзгере бастағанын түсінуге болады. Алайда бұл шынайы ма? Ол жағы белгісіз. Трамптың пікірінің өзгеруі Ресейге қарсы санкцияға ұласа ма? Ол да беймәлім. Дегенмен Трамп «Путин соғысты тоқтатуға кедергі болуда» деген ойға келе бастағандай».

Сенатор Линдси Грэм The Wall Street Journal басылымына былай деп пікір білдірді: «Сенат Путиннің әрекетіне төзіп отырмайды. Президент Трамп билікке келген сәттен бастап, Украина мен Ресей арасындағы соғысты тоқтатуға шын ниетімен кірісті. Ол халықаралық тұрақтылықты қамтамасыз етуге барын салды. Бұл өте маңызды ғой.

АҚШ-тың Ауғанстаннан кетуі біздің беделімізге нұқсан келтірді және әлемде агрессияны арттырды. Егер АҚШ Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты аяқтауда көшбасшылық танытса, онда жағдай шынайы негізде өзгеруі мүмкін.

Аталған заңды 82 сенатор қолдады. Өткен аптада сенатор Тун айтқандай, егер Путин ойын ойнауды жалғастырса, онда Сенат әрекетке көшеді. Мен жағдай реттеледі деп сенемін, алайда әңгіме Мәскеудегі басбұзар жайлы болып отырған сәтте, бізге әрекет етуге дайындалу қажет», - дейді.

Трамп біздің беделімізді қалпына келтіріп, қақтығысты аяқтауы мүмкін. Алайда келісім жасау үшін тараптар келісуі керек. Украина келісімге келуге дайын екенін аңғартуда, ал Ресей түрлі сылтау айтумен жүр. Қоғам оның бос сылтауын көтеретін күйде емес.

Президент Трамп Путиннен ұрыс қимылдарын тоқтатуға қатысты құжат ұсынуын сұрады. Ресейдің жауабына қарап, біз бағыт таңдап, әрекет етеміз. Сенат кез келген жағдайға дайын. Мен Ресейге қарсы санкцияны енгізу жұмысын бастан-аяқ басқардым. Аталған заң Ресейді сауда жүйесінен оқшаулайтын болады. Ресейдің энергиясын сатып алатын елдердің барлығына 500 пайыздық тариф салынады. Жабайылыққа толы соғысты жақтаушылар да оның салдарын сезінуі тиіс. Егер Қытай мен Үндістан Ресейдің арзан мұнайын сатып алуды доғарса, Путиннің соғыс машинасы баяғыда тоқтайтын еді.

Аталған заңды 82 сенатор қолдады. Өткен аптада сенатор Тун айтқандай, егер Путин ойын ойнауды жалғастырса, онда Сенат әрекетке көшеді. Мен жағдай реттеледі деп сенемін, алайда әңгіме Мәскеудегі басбұзар жайлы болып отырған сәтте, бізге әрекет етуге дайындалу қажет», - дейді.

Сарапшылар Трамп Путиннен көңілі қалса, Сенаттың ашық әрекет етуіне рұқсат беретінін болжауда.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow