«Ол кезде Балжан мен Мөлдір кім еді?»: Динара Сәтжан құрбысын жақтап шықты
Танымал журналист әрі тележүргізуші Динара Сәтжан КешYou тобының 20 жылдығына қатысты туындаған дауға пікір білдіріп, құрбысы Баян Алагөзованы жақтап шықты, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, Баян Мақсатқызы мен Бағым Мұхитденованың еңбегін бағалау керек екенін айтты.
Динара Сәтжанның сөзінше, КешYou – жай ғана музыкалық топ емес, талай қызға жол ашқан үлкен мектеп.
“Кешью” тобына 20 жыл. Шынын айтқанда, бұл – нағыз армия. Иә, Баян талапшыл. Кейде қатал. Бірақ мықты тәлімгерлер әрдайым ыңғайлы бола бермейді. Олар қысым жасайды, себебі сенің өзің де байқамауың мүмкін әлеуетті көре біледі”, – деп жазды ол.
Журналист осы жылдар ішінде КешYou-ден ондаған қыздың өткенін атап өтті. Оның айтуынша, олардың көбі топқа көпшілікке беймәлім жас әнші болып келіп, кейін есімі танылған, өз аудиториясы қалыптасқан өнер иесіне айналды.
“Мөлдір Әуелбекова мен Балжан Бидаш ол кезде кім еді? Арманы бар жас қыздар еді. Ал бүгін кім? Танымал, табысты, өнерде өз
Ол әншінің өз жолына ықпал еткен адамдарға алғыс айтуы әлсіздік емес екенін жеткізді.
“Адамдарды трамплин ретінде пайдалану – шоу-бизнесте кездесетін нәрсе делік. Бірақ Баян мен Бағоля сияқты трамплин болмағандай кейіп таныту – бұл енді ұсақтыққа жақын”, – деп жазды журналист.
Динара Сәтжанның пікірінше, мансап жолына қосылған үлесті мойындау және мерейтойлық концертке қатысу – сыйластықтың белгісі.
Сондай-ақ ол Баян Мақсатқызы мен Бағым Мұхитденованың Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері екенін еске салып, бұл атақтың көп жылғы еңбектің бағасы екенін айтты.
“Мемлекет мойындады. Ел мойындады. Ал Мөлдір мен Балжан өздеріне есім қалыптастыруға үлес қосқан адамдардың еңбегін жоққа шығаратындай, кім болыпты?” – деп жазды Динара Сәтжан.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0