«Өмірімдегі ең ауыр күн»: Дариға Бадықованың экс-жұбайы қаралы хабар айтты
Қазақстандық актер, Дариға Бадықованың экс-күйеуі Дархан Мұсаевтың әкесі өмірден озды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Қаралы хабарды өнер иесінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жеткізді.
Актер бұл күн өміріндегі ең ауыр сәттердің бірі болғанын айтып, әкесінен айырылу оған оңай тимегенін жазды.
“Әкешім… Бүгін өмірімдегі ең ауыр күн болды. Әкем бұл дүниемен қоштасты. Бұл қасіретті сөзді жазудың өзі қандай ауыр екенін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Артымнан тірек болған, ақылын айтып, дұғасымен қорған болған асқар тауымнан айырылдым”, – деп жазды ол.
Дархан Мұсаев әкесінің рухына дұға бағыштауды сұрап, Алланың жазуына разы екенін айтты.
“Расында, біз Аллаға тәнбіз әрі Оған қайтушымыз. Баршаңыздан әкемнің рухына дұға жасауларыңызды сұраймын. Алла Тағала күнәларын кешіріп, қабірін кең етіп, нұрға бөлесін. Жәннаттың ең жоғары дәрежелерінен орын нәсіп етсін”, – деді актер.
Желі қолданушылары өнер иесіне қайғыра көңіл айтып, жұбату сөздерін арнады.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0