«Өңешке қадалған»: Түркістан облысында тоғыз айлық бала ине жұтып қойған

Сәуір 29, 2026 - 16:49
 0  8
«Өңешке қадалған»: Түркістан облысында тоғыз айлық бала ине жұтып қойған
Фото: Түркістан облыстық әкімдігі

Түркістан облыстық балалар ауруханасына тоғыз айлық бала шұғыл жеткізілді. Себебі сәби кездейсоқ ине жұтып қойған, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Дәрігерлер рентгенологиялық тексеру жүргізіп, эндоскопиялық әдіс қолданды. Мамандар бөгде заттың нақты орналасқан жерін анықтап, өңешке қадалған инені сәтті алып шықты.

“Дәрігерлердің жедел әрекетінің арқасында ықтимал асқынулардың алды алынды”, – делінген хабарламада.

Қазір баланың жағдайы жақсы, үйіне шығарылған.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0