Оңтүстік Кореядағы зауытта Қазақстан азаматы қаза тапты

Алдын ала мәліметтер бойынша, оны тоқ соққан.

Сәуір 10, 2024 - 12:34
app_badging Сәуір 10, 2024 - 12:35
chat_bubble  0 visibility  83
Оңтүстік Кореядағы зауытта Қазақстан азаматы қаза тапты
Фото: ашық дереккөз

Оңтүстік Кореяда зауытта жұмыс істеп жүрген қазақстандық азамат ағынды суды тазарту кезінде қаза тапты, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы Yonhap News басылымына сілтеме жасап.

Жазатайым оқиға 2024 жылдың 8 сәуірінде түстен кейін Чонджу қаласындағы шыны зауытының тазарту қондырғысында болған. Қазір жергілікті полиция мен Еңбек және жұмыспен қамту министрлігі тергеу жүргізуде. Шыны зауыты Оңтүстік Кореяның ауыр жазатайым оқиғаларды жазалау туралы заңына сәйкес келеді.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 30 жастағы отандасымызды тоқ соққан, кейін ауруханаға жеткізіліп, сол жерде көз жұмған.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі  Айбек Смадияров қазақстандықтың қайтыс болғанын растады.

«Отандасымыз өндіріс орнында қаза тапты, қазір туыстарымен байланысып, қажетті құжаттарды рәсімдеп жатырмыз», – деді Смадияров.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0