Оңтүстік Кореяда төтенше жағдай жарияланды

Маусым 20, 2024 - 16:19
Маусым 20, 2024 - 16:20
Оңтүстік Кореяда төтенше жағдай жарияланды

Корея республикасы халық санының азаюына байланысты ұлттық ауқымдағы төтенше жағдайға тап болды, ел билігі бұл қауіпті еңсеру үшін кешенді шараларды жандандырып жатыр. Бұл туралы ел президенті Юн Сок Ёль мәлімдеді, деп хабарлайды жергілікті Yonhap агенттігіне сілтеме жасаған ТАСС.

"Бүгін мен ұлттық ауқымдағы төтенше демографиялық жағдайды ресми түрде жариялаймын. Біз туудың төмендеуі мәселесі шешілгенге дейін жалпымемлекеттік кешенді ден қою жүйесін іске қосамыз", - деп келтіреді Yonhap агенттігі президенттің сөзін.

Агенттік мәліметінше, ел басшысы бұл мәлімдемесін республика халқы "егер тенденция өзгермесе, ақыры жойылып кетуі мүмкін" деген пессимистік болжамдар аясында жасады. Кейінгі онжылдықта ел билігі туу көрсеткіштерін арттыру үшін әртүрлі ынталандыру шараларын қолданып келді, алайда тұрғын үй бағасының жоғарылауы, білім беру шығындары және ұзақ жұмыс күні сияқты факторлар азаматтардың отбасын құруға дайындығын төмендетеді, деп жазады Ренхап. Президент саясаттың үш басым бағытын атады: жұмыста икемді кестені енгізу, бала күтімін қолдау жүйесін жақсарту және қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету. 

Атап айтқанда, билік мұндай құқықты пайдаланатын ата-аналардың үлесін 2027 жылға қарай қазіргі 7 пайыздан 50 пайызға дейін ұлғайту мақсатында декретке шығу ережелерін жеңілдетуді және оларды әкелерге қатысты қолдануды жоспарлап отыр (Юн Сок Ёльдің президенттік мерзімі аяқталатын жыл).

Жұмыс берушілерге декретке шыққан қызметкерлердің орнына уақытша жұмысшыларды жалдау үшін субсидия да беріледі екен. Балалары бар отбасылар жеңілдетілген ипотекалық шарттар мен кеңейтілген салықтық жеңілдіктерге ие болады, ал құрылыс фирмалары жаңа пәтерлерді сату кезінде жаңадан отау құрғандарға қазіргі 18 пайыз орнына жаңа тұрғын үйлердің 23 пайызын бөлуге міндетті болады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow