«Опасыздық жасады»: Жұлдыз Әбдікәрімова жан сырын ақтарды

Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова өзінің Instagram-дағы парақшасында жан сырын ақтарды.
Ол осы күнге жету жолында көптеген қиындықты бастан өткергенін атап өтті.
"Бір жыл бойы қатты қиналғаныма, ауырғаныма, күрескеніме, кейбір жайттарды үнсіз жұтқаныма, жақынымнан көрген опасыздыққа, басыма келген сынаққа сынып кетпей, ешкімге жалынбай, жылап-сықтамай, ешкім жайында лям-мим демей, күл-талқан боп қирап жатқан жерімнен жинақталып, қайта тұрғаныма, эмоцияға берілмей сабырлық танытқаныма сіз – менің оқырманым, шынайы әрі мейірімді жанашырым куә болдыңыз! Мені колдаған, дұғада болған әрбір жанға алғыс айтамын!», - деп жазды ол.
Сіздің реакцияңыз қандай?






