Оралда су тасқынынан зардап шеккендерге берілген үйде жылу қосылмаған болып шықты

Жаңа үйде әлі күнге дейін газ, ыстық су, жылу жоқ.

Қазан 22, 2024 - 15:24
Оралда су тасқынынан зардап шеккендерге берілген үйде жылу қосылмаған болып шықты
Фото: «Мой город»

Оралда су тасқынынан зардап шеккендер жаңа ғимаратта тоңып қалды, деп хабарлайды Orda.kz.

 «Мой город» сайтының мәліметінше, олар жаңа үйлеріне   2024 жылдың 17 қыркүйегінде көшіп кірген. Оларды екі аптадан кейін барлық қажетті коммуникациялар қосылады деп сендірді, бірақ 22 қазан болса да пәтерлерінде әлі жылу жоқ.

Су тасқынынан зардап шеккен 59 отбасы көшіп келген Орақбаев көшесі 1Б мекенжайындағы жаңа үйде әлі күнге дейін газ, ыстық су, жылу жоқ.

Тұрғындар үйлерінің өте суық екенін, балаларды бас киіммен, күртеше киіп ұйықтауға мәжбүр болғанын, жалғыз құтқаратыны – тәулік бойы жұмыс істейтін шағын электр жылытқыш екенін айтып шағымдануда.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow