Орлов шахтасынан жұмысшылар эвакуацияланды

Тамыз 10, 2026 - 13:15
 0  12
Орлов шахтасынан жұмысшылар эвакуацияланды
Фото: KazMinerals

8 тамызда сағат 22:05-те Орлов шахтасының 10-шы кенқабатында түтін байқалды. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес түнгі ауысым қызметкерлері жер бетіне эвакуацияланды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Тау-кен қазбаларын тексеру және түтіннің шығу көзін жою жұмыстарына тау-кен құтқару қызметі жұмылдырылды.

Тексеру барысында түтін Monomatic бұрғылау қондырғысы орналасқан аумақта болғаны анықталды. Түтіннің шығу ошағы жедел жойылды. Зардап шеккендер жоқ.

Бұрғылау қондырғысына зақым келді. Алдын ала мәлімет бойынша, түтіннің шығуына электр кабелінің зақымдануы себеп болуы мүмкін. Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Шахта қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. 

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0