«Орны толмас ауыр қаза»: Тамара Асардың күйеуінің ұлы қайтыс болды

Бұл жайлы аудан әкімі хабарлады

Қазан 6, 2025 - 16:00
Қазан 6, 2025 - 16:03
«Орны толмас ауыр қаза»: Тамара Асардың күйеуінің ұлы қайтыс болды
Фото: todayinfo.kz

Танымал әнші Тамара Асардың жолдасы Бекмырза Жұмаштың ұлы Әлішер мезгілсіз дүниеден өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қаралы хабарды Қостанай облысының Наурызым ауданының әкімі хабарлады.

«Белгілі кәсіпкер Жұмаш Бекмырза мен оның жұбайы Тамара Асардың ұлы Әлішердің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты шын жүректен көңіл айтамын. Бұл - орны толмас ауыр қаза. Қайғыға ортақтасып, туған-туыстары мен жақындарына сабыр тілеймін. Алла тағала марқұмның жанын жәннаттан қылсын, артында қалғандарына күш-қуат, сабыр берсін», - деп жазды Науырзым ауданының әкімі Мәди Өмірзақұлы Ихтиляпов.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мәди Өмірзақұлы Ихтиляпов (@madi_ihtilyapov)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow