Өртенген күйі табылған полицейдің екі жыл бұрын берген сұхбаты тарады (ВИДЕО)

Маусым 30, 2026 - 11:42
app_badging Маусым 30, 2026 - 11:45
chat_bubble  0 visibility  4
Өртенген күйі табылған полицейдің екі жыл бұрын берген сұхбаты тарады (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Әлеуметтік желіде Алматы облысында өртенген күйде табылған 37 жастағы аға жедел уәкіл Аслан Әлсеровтің екі жыл бұрын отбасымен берген сұхбаты тарады, деп Sadaq.kz сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Әлсеровтер отбасы көпшілікке үлгілі полиция әулеті ретінде таныстырылып,«Қайырлы таң, Қазақстан» бағдарламасында  ерлі-зайыпты Аслан мен Арайлым Әлсеровтер жеті баласымен бірге отбасылық өмірі мен қызмет жолы жайлы әңгімелеген еді.

Бағдарлама барысында Аслан Әлсеров еңбек жолын 2008 жылы Алматы қаласының патрульдік полициясында бастағанын, ал болашақ жары Арайлыммен дәл сол қызметте танысқанын айтқан. Уақыт өте келе әріптестік сыйластыққа, кейін берік отбасыға ұласқан.

Сол сұхбатта Арайлым Әлсерова жолдасын таңдауының себебін де бөліскен еді.

«Көпшілік маған бойы ұзын, сымбатты жігітті таңдадың деп айтып жатады. Бірақ мен үшін ең бастысы – оның сабырлы, салмақты әрі батыл мінезі болды. Осындай қасиеттері үшін таңдадым», – деген болатын ол.

Әлсеровтер отбасы тек құқық қорғау саласында ғана емес, спорттағы жетістіктерімен де танылған. Аслан Әлсеров грек-рим күресімен айналысса, жұбайы Арайлым Әлсерова джиу-джитсудан Қазақстанның алты дүркін чемпионы атанған. Балалары да ата-анасының жолын жалғастырып, джиу-джитсу, дзюдо және самбо спорт түрлерінен халықаралық жарыстарда топ жарып жүрген, ал қыздары спортпен қатар шығармашылықпен де айналысады.

Бағдарламада олардың үлкен қызы Еркежан Қалиақпарова әкесін талапшыл әрі тәртіпті адам ретінде сипаттаса, анасының мейірімділігі мен қамқорлығын ерекше атап өткен еді.

Айта кетейік, қоғамда үлкен резонанс тудырған аға жедел уәкіл Аслан Әлсеровтің қазасына қатысты тергеу амалдары әлі де жалғасып жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0