«Осы қасқаның мүлдем тіл байлығы нөл»: Сұхбат берген Қайрат Нұртас халықтың күлкісіне қалды
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртас кезекті сұхбаттарының бірінде әннің қалай шыққан тарихын айтып берді. Алайда, сұхбатты көрген жұрт әншінің сөздік қорының аздығын сынға алды, деп жазады Caravan.kz медиа порталы.
Әнші әннің шығу тарихын айту барысында туындайтын жайттарды баяндады.
Оның сөзінше, «Қатты қатты сағындым» әні «фатта фатта фаттати» деп келіп, қатты қатты сағындым деген сөздер туындаған.
Ал, әншінің оқырмандары желіде түрлі пікір қалдырып жатыр:
«Осы қасқаның мүлдем тіл байлығы нөл», «Кітап оқымаған бұлардың бәрінің сөз байлығы қайдан болсын», «Иә, дым сөз байлығы жоқ. Бір сөзі бар менің бауырларым банан, ананас жейі деген. Сол видео өте ұят. Шамалы Қайратқа сауат ашу керек, Гүлзираға да. Жұлдыз өте сауатты», «Базарда ручка сатқан адамнан қандай жоғары дәрежелі шығармашыл адамды күттіңдер. Ойларын жеткізе алмай жүрген адамнан ешқандай жақсы шығарма шықпайды«, деп жазды олар.
Сіздің реакцияңыз қандай?