Өскемендегі жарылыстан 9 адам зардап шеккен

Мамыр 5, 2026 - 11:13
 0  9
Өскемендегі жарылыстан 9 адам зардап шеккен
Фото: Pixabay

Өскемен қаласындағы «Казцинк» ЖШС аумағында болған жарылыстан кейін тоғыз адам медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Алдын ала мәліметтер бойынша, зардап шеккен екі адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген.

— Тағы бір адамға оқиға орнында реанимациялық көмек көрсетіліп жатыр. Бір зардап шегушіні кәсіпорын қызметкерлері өз күштерімен медициналық мекемеге жеткізді, — деп хабарлады төтенше қызмет өкілдері.

Сол жерде жедел жәрдемнің бес бригадасы жұмыс істеп жатыр. Қалған зардап шегушілердің жағдайы нақтыланады.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0