«Отанына жеткізілді»: Қарағандыда шетелдік студент қаза тапты
Қарағандыдағы медициналық университеттің студенті, Үндістан азаматы жатақхананың терезесінен құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Қайғылы оқиға 17 наурыз күні болғанымен, ресми органдар ақпаратты жария етпеген.
Үндістан азаматы медициналық университеттің халықаралық медицина факультетінің соңғы курсында оқыған. Ол 21 жаста болған. Студент өзі тұрған жатақхана бөлмесінің бесінші қабатындағы терезеден құлап кеткен.
17 наурыз күні Қарағандыдағы жоғары оқу орындарының бірінде оқыған 21 жастағы студенттің бесінші қабаттан құлап қаза болуына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу аясында барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілді. Жиналған материалдар мен сараптамалар қорытындысының негізінде қылмыстық іс заңнамаға сәйкес тоқтатылды, – деді Қарағанды облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров редакцияға берген жауабында.
Белгілі болғандай, студенттің денесі Отанына жеткізілген.
Оқу орнының басшылығы университеттегі моральдық-психологиялық ахуалдың қанағаттанарлық деп отыр. Университетте буллинг фактілері жоқ деп мәлімдеді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0