«Отбасылық құпияны бұзды»: белгілі заңгер журналист Жылқышыбай мен Бадықованың бұрынғы күйеуі Дарханды сот бермек

Мен Дариғаны көп жылдан бері жақсы танимын. Ажырасу кезеңінде қандай қиындықтардан өткенін де білемін.

Қазан 7, 2025 - 09:51
Қазан 7, 2025 - 09:53
«Отбасылық құпияны бұзды»: белгілі заңгер журналист Жылқышыбай мен Бадықованың бұрынғы күйеуі Дарханды сот бермек

Актриса Дариға Бадықова мен Дархан Мұсаевтың арасындағы дау тіптен ушығып кетті, деп хабарлады sadaq.kz ақпарат порталы.

Бұған дейін Дархан Мұсаев журналистердің біріне сұқбат беріп, бұрынғы жары Дариғаның жұрт біле бермейтін сырларын жайып салған еді. Сұқбат арасында жұбайының басқа адаммен көңіл қосқанын, әрі Дариғадан бала сүйе алмағанын айтқан.

«Арамызда бала жоқ. Бір қызы бар деген ол Дариғаның туған әпкесі бар бір жас үлкен соның қызы. Соны 4-5 жасынан бастап асырап алған. Бауырымызға бастық. Бала бола алмау себебіміз екі жақтан да болды», – деді ол.

Сондай-ақ ол Дариғаға қатысты барлық дәлелдерді көрсететінін жеткізді.

«Құрметті ағайын! Алдағы уақытта сіздердің назарларыңызға ыстық сұхбат ұсынылады. Онда бәрі нақты –аудио, видео, диктафон және WhatsApp жазбалары арқылы көрсетіледі. Бұл деректі фильмде ешқандай қосымша монтаж болмайды. Шынайы сезімнің дәлелі ретінде бәрі ашық беріледі», – деген еді Дархан Мұсаев.

Алайда Дарханның бұл мәлімдемесі енді өзіне шоқпар болып тиетін түрі бар. Белгілі заңгер Айгүл Орынбек Дархан Мұсаевты сотқа беретінін айтып, мәлімдеме жасады. Айтуынша, отбасылық құпияны бұзу — бұл жай ғана әдепсіздік емес, заң алдында нақты қылмыстық жауапкершілікке әкелетін әрекет.

«Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды» деген қағида бар.
Отбасылық құпияны бұзу — бұл жай ғана әдепсіздік емес, заң алдында нақты қылмыстық жауапкершілікке әкелетін әрекет.
Күйеуі мұны білмеуі мүмкін, бірақ журналистердің заңнан бейхабар болуы мүмкін емес.

Баланы асырап алу — отбасылық және жеке өмірге қатысты құпия болып саналады. Бұл құпияны жария ету — ҚР Қылмыстық кодексінің 147-бабы (Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу) және 146-бабы (Бала асырап алу құпиясын жария ету) бойынша жауапкершілікке әкеледі.
Мен Дариғаны көп жылдан бері жақсы танимын. Ажырасу кезеңінде қандай қиындықтардан өткенін де білемін.
Сондықтан оның заңды мүддесін қорғаушы өкілі ретінде, Жылқышыбай мен Дарханның әрекетіне қатысты қылмыстық іс қозғау туралы арызды Алматы қаласының Ішкі істер департаментіне ресми түрде жолдаймын.

Бұл жағдай тек жеке адамның ар-намысына ғана емес, бүкіл қоғамдағы журналистік этика мен заң үстемдігіне қатысты мәселе.
Барлық бұқаралық ақпарат құралдарын медиа заңнамасын қатаң сақтауға, жеке тұлғалардың жеке өміріне қол сұқпауға шақырамын.
Журналист — ең алдымен қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінетін адам.

Сондықтан рейтингі үшін біреудің тағдырын талқыға салу – кәсіби абыройға көлеңке түсіреді» , -дeп жaзғaн өзiнiң facebook пaрaқшaсындa

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow