«Отбасын тастап, тоқал алып кеткен»: әнші Әбдіжаппар Әлқожаға қатысты видео тарады

ТикТок әлеуметтік желісінде әнші Әбдіжаппар Әлқожаның белгісіз жас қызға ерекше ықылас білдірген қолайсыз видеосы тарады деп жазады Democrat.kz.
Видеода Әбдіжаппардың бойжеткенді қапсыра құшақтап, құлағына әлдене деп сыбырлағаны байқалады. Ал әнші Серік Ибрагимов әзіл-шыны белгісіз «Той қашан?» деп пікір қалдырған.
Әншінің бұл әрекетіне қатысты оқырмандардың пікірі екіге жарылды. Бір тарап «өзінің әйелі ғой» десе, қарсы тарап «бұлардың бәрінде тоқал бар екен де» деп сөгуде. Енді бірі «Тоқал алып отбасын тастап жас әйел алып кеткен әншілерді сахнаға шығармау керек», «Әйели емес қой. Қалайша ұялмай, тым қатты жақындатады, қандай жағдай болмасын, жай клип болса, жай дос болса да ерсі тіпті», деп кейіген.
@symbatabai
Сіздің реакцияңыз қандай?






